2025-2026 оқу жылының ІІ-ші тоқсан аяқталды!
Құрметті ата-аналар, оқушылар!
ІІ тоқсан аяқталып, оқушылар қысқы демалысқа шықты.
Қысқы каникул уақыты: 29 желтоқсан – 7 қаңтар.
Баршаңызға көңілді де пайдалы, қауіпсіз демалыс тілейміз
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында төмендегі қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз:
Салют, отшашу және түрлі жарылғыш заттарды пайдаланбау;
Аязды күндері ұзақ уақыт далада жүрмеу, үсіп қалудың алдын алу;
Түнгі уақытта балалардың көшеде жүрмеуін қадағалау;
Қыс мезгілінде пешті,
электр құралдарын қолдануда ерекше сақтық таныту.
Балалардың өмірі мен қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет.
Мереке әр шаңыраққа шаттық, жылулық және амандық әкелсін.
Құрметпен,
мектеп әкімшілігі!